Мүфтият пітір садақаны онлайн аудару туралы ақпарат берді

Oinet.kz 21-04-2020 969

Пітір садақа мен зекетті онлайн режимде аудуруға болады | Inbusiness

Мобильді қосымшаларға әрбір мешіттің есепшоты енгізілген. Пітір садақаны мен зекетті үйден шықпай, аударуға болады

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаны онлайн режимде аудару тәртібін түсіндірді.

Басқарма төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаровтың айтуынша, төтенше жағдайға байланысты Рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекетті мобильді қосымшалар арқылы аударуға мүмкіндік жасалды.  

"Рамазан айында берілетін пітір садақасы мен зекетті Kaspi bank және Halyk bank, QIWI мобильді қосымшалар арқылы аударуға болады. Қазіргі кезде басқа да банктермен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы белгілі бір банкті жарнамаламайды. Алайда қазіргі төтенше жағдайда үйден шықпай, садақа берудің осындай оңтайлы жолын таңдап отырмыз", - деді Оңғаров. 

Оның сөзіне қарағанда, мобильді қосымшаларға әрбір мешіттің есепшоты енгізілген. Осылайша, пітір садақаны және зекетті үйден шықпай, аударуға болады.

"Биыл бір адамның атынан берілетін пітір садақа мөлшері 370 теңге деп бекітілді. Пітір садақаның құны екі келі ұнның республика бойынша есептегенде орташа нарықтық бағасымен шығарылды. Ал материалдық жағдайы бар азаматтар пітір садақаны мейіз немесе құрма құнымен де берсе болады. Өз қажеттілігін қоспағанда, мал-мүлкі, дүниесі күміс нисабына жеткен, яғни 127 мың теңгесі бар адам Рамазан айында өзі және жанұясы үшін пітір садақасын беруі уәжіп", - деп атап көрсетті Оңғаров.

Бес жасар қыз коронавирустың сирек кездесетін асқынуынан көз жұмды
Бес жасар қыз коронавирустың сирек кездесетін асқынуынан көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу