Парламент депутаттарының жалақысы 50% қысқарды
Эквадор президенті Ленин Морено шенеуніктердің жалақысы 50% қысқартылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
Мұндай шара елде коронавирустың таралуына, мұнай бағасы құлдырап бюждет тапшылығы болуы себепті қолға алынған.
Мен елдегі жағдайға байланысты президент, вице-президент, министрлер мен вице-министрлердің ай сайынға жалақысын 50% қысқартуға бұйрық бердім,-деп жазды президент Twitter-де.
Морено сондай-ақ мұндай қысқарту ұлттық парламет депутаттары мен жергілікті билік өкілдеріне де қатысты екенін жазды.
Жұма күні Эквадор басшысы елде гуманитарлық көмек қоры құрылатынын мәлімдеген еді, ол бюджет есібінен емес, азаматтық қоғам мен кәсіпкерлердің жарнасы арқылы толықпақ.