Ғалымдар коронавирустың таралуына қарсы дәріні тапты
Исехаредегі Токай университетіндегі жапон ғалымдары нельфирнавир антиретровирустық препараты SARS-CoV-2 коронавирусының таралуын тоқтата алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Нелфинавир басқа да антиретровирустық препараттармен қоса адамның имуннодефицит вирусына қарсы қолданылады. Жапон зерттеушілері осындай 9 препаратты зерттеп, нелфинавир тіпті аз мөлшер қолданған кезде де коронавирустың таралуын тоқтататынын байқаған.
Ғалымдар бұл дәріні коронавирусқа қарсы тиімді дәрілер тізіміне қосуды ұсынды. Алайда олар COVID-19 инфекциясын емдейтін тексерілген дәрі әлі табылмағанын да айта кетті. Сондықтан да вирусқа қарсы тиімді препараттарды тексерістен өткізу қажет.
Бұған дейін австралиялық Монаша университеті мен Мельбурндегі Корольдік аурухана ғалымдары жасушадағы SARS-CoV-2 вирусын 48 сағат ішінде 99% жоятын препарат ойлап тапқан болатын. Бұл антипаразиттік дәрімек – ивермектин. Зерттеушілердің ойынша, оны қолдану қазірдің өзінде ауыр асқынулар мен коронавирустың таралуын алдын алатын еді.
Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздегі биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Ұлттық биотехнология орталығымен бірлесіп, коронавирус инфекциясына қарсы вакцина әзірлеуге кіріскенін жазған едік.