Тағы 6 коронавирус тіркелді
Бүгін Қарағандыда тағы 6 адам коронавирус жұқтырды. Олардың үшеуі кеше қайтыс болған ер адамның туыстары болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгінгі күні Қарағандыда коронавирус жұқтырғандар саны тағы 6 адамға ұлғайды. Оның ішінде үшеуі – кеше қайтыс болған ер адамның отбасы мүшелері, екеуі карантиндік стационарда анықталғандар. Олардың барлығы инфекциялық боксқа, тағы бір адам үй карантиніне жатқызылды.
«Эпидемиологиялық тексеру жүргізілуде. Үй карантиніндегі азаматпен байланыста болған тұлғалар анықталуда. Қайтыс болған адаммен жалпы алғанда 200-ге жуық адам байланыста болған. Оның ішінде: 54 - провизорлық және карантиндік стационарларға (оның ішінде отбасы мүшелері), 150 адам – үй карантиніне жатқызылған», - деп хабарлады Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Облыс бойынша вирус жұқтырғандар саны - 21, оның ішінде 1 өлім жағдайы тіркелген.