Жаңа туған сәбиден коронавирус табылды
Мәскеуде алғаш рет коронавирус инфекциясын жұқтырған бала дүниеге келді, деп хабарлайды zakon.kz.
Мәскеуде коронавирус науқастарды қабылдауға қайта жасақталған №15 ауруханада коронавирус жұқтырған бала дүниеге келді. COVID-19 үшін нәрестенің анасы тапсырған тест алдында оң нәтиже бергені белгілі. Бала кесар тілігімен дүниеге келді. Қазір ана мен бала ауруханада - дәрігерлердің қатаң бақылауында.
1 сәуірдегі жағдай бойынша, Ресейде 2777 коронавирус инфекциясы анықталды, одан 24 адам қайтыс болды, оның 19-ы - Мәскеуде. Тағы 190 науқас сауығып шықты.