Алматыда 20 мың адам карантинге жабылды

Oinet.kz 02-04-2020 1136

"Асыл Арман" тұрғын үй кешені карантинге жабылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне жергілікті тұрғындар айты.

Фото: Айнаш Өндіріс

Олардың айтуынша, 20 мың адам карантинге жабылды. Басқарушы компания WhatsApp -та "Асыл Арманның" толықтай жабылатыны туралы хабарлама жіберген екен.

"Құрметті тұрғындар! Қауіпсіздік мақсатында және коронавирустың алдын алу мақсатында өкілетті органдар "Асыл Арманды" карантинге жабу туралы шешім шығарды. Халықты азық-түлікпен, бірінші қажеттіліктегі тауарлармен және медициналық қызметпен қамтамасыз ету бойынша шаралар қарастырылып жатыр. (...) Сабыр сақтауға шақырамыз. Жұмыс берушілеріңізге карантинде екендеріңізді ескертіп қойыңыздар. Бұл шараға қатысты толық мәліметті ертең береміз. Абай болыңыздар, үйлеріңізде отырыңыздар", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұл тұрғын үй кешенінде 21 үй, 5 мыңнан аса пәтер бар. Жергілікті халықтың айтуынша, мұнда тұрғындардың 95 пайызы Алматыда қалада жұмыс істейді.

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі тұрғын үй кешенінің карантинге жабылғанын растады.

Асқар Мамин 42 мың 500 теңге туралы сұрақтарға нүкте қойды
Жаңа туған сәбиден коронавирус табылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу