Тоқаев коронавируспен аянбай күресіп жатқан дәрігерлерге алғысын айтты

Oinet.kz 18-03-2020 792

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавируспен табанды түрде күресіп жатқан қазақстандық ақ халаттыларға алғысын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

нг_1.jpg

Бұл туралы ел президенті Twitter желісіндегі парақшасында жазды. 

- "Коронавирусты анықтау, науқастарды емдеу және вирустың одан әрі таралмауы үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлерге алғыс айтамын. Үкімет осындай қызметкерлерге сыйақы беру шараларын қабылдайды", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев

Еске сала кетсек, 15 наурызда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен елімізде 16 наурыздан 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланды.

Сонымен қатар мемлекет басшысы халыққа мәлімдеме жасап, бұл күрделі жағдайды ел болып бірге еңсеретінімізге сенім білдірді. Сондай-ақ, президент жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызатындар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Оған қоса, Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде енгізілген ТЖ шараларын түсіндіріп өтті.

Айта кетейік, соңғы мәліметтерге сәйкес, елімізде COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 33 адамға жетті. Олардың 15-і – Алматыда тіркелсе, 18-і – Нұр-Сұлтанда тіркелген.

Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин жарияланды
Стамбул-Алматы рейсімен келген студент қыздан коронавирус анықталған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу