Стамбул-Алматы рейсімен келген студент қыздан коронавирус анықталған

Oinet.kz 18-03-2020 853

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп Қазақстанда коронавирус жұқтырған екі адам туралы мән-жайды айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

141510.jpg

- «Оның бірі - 1998 жылы туған қыз бала. Студент. Cтамбул-Алматы рейсімен 15 наурызда ұшып келген. Екіншісі - 1974 жылғы әйел адам. 10 наурыз күні Мәскеуден Алматыға ұшып келген. Екеуі де қазір стационарда. Жағдайы жақсы», - деді Диас Ахметшәріп министрліктің ресми парақшасында. 

Осылайша бүгінгі таңда Қазақстанда коронавируспен ауыратындар саны 35-ке жетті. Оның ішінде 17 жағдай - Алматыда, 18 факті - Нұр-Сұлтанда тіркеліп отыр.

Тоқаев коронавируспен аянбай күресіп жатқан дәрігерлерге алғысын айтты
Коронавирусты жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 800-ге жуық адамды медмекемелеріне жеткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу