Біртанов: «Біз мықты халықпыз»

Oinet.kz 13-03-2020 1531

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте елімізде коронавирус дерегі анықталғанын, дегенмен қазақстандықтардың бұл қиындықтарды сенімді түрде еңсеретінін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz.

7448490c2013b932b8a4a04353704acf_XL.jpg

- "Біз толықтай дайынбыз. Жеткілікті мөлшерде төсек орындар дайындалған. Медициналық препараттардың, дезинфекциялық құралдардың қоры бар. Қызметкерлер қажетті даярлықтан өтті. Олар не істеу керектігін біледі. Қазақстандықтар барлық мазалаған сұрақтары бойынша 1406 нөміріне хабарласып, жауап ала алады", – деді министр.

Сондай-ақ ол халықты тек ресми деректерге сенуге шақырды.

- "Барлығына зор денсаулық тілегім келеді. Біз мықты халықпыз. Біз әр түрлі қиындықтарды бастан өткердік. Біз қиындықтарды сенімді түрде еңсереміз", – деп түйіндеді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі елімізде алғаш рет COVID-19 инфекциясы тіркелгенін мәлім етті.

Екі Қазақстан азамтынан коронавирус табылғанын еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады. Азаматтар Алматыдағы инфекциялық станционарда оқшауланған.

Қазақстанда алғашқы коронавирус дерегі тіркелді
Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар жайлы не белгілі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу