Коронавирус жұқтырған қазақстандықтар жайлы не белгілі

Oinet.kz 13-03-2020 3362

Бүгін елімізде оның ішінде Алматы қаласында алғаш рет коронавирус жұқтыру дерегі ресми түрде тіркелді. Инфекция табылған екі адам да Қазақстан азаматы деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

image.png

Бегілі болғандай 13 наурызда Германиядан Алматыға келген екі азаматтан (1974 жылы туған ер адам және 1984 жылы туған әйел адам) коронавирустық инфекцияға алынған сынама оң нәтиже көрсеткен.

Еліміздің бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігінің алгоритміне сай олар инфекциялық станционарға жатқызылған.

Науқастарда коронавирустық инфекцияның клиникалық белгілері байқалмайды.

Барлық эпидемияға қарсы шаралар, соның ішінде оқшаулау, емдеу және залалсыздандыру шаралары қабылдануда.

Карантинге арналған төсек-орындар, медициналық препараттар мен залалсыздандыратын құралдардың барлық түрі, медициналық қызметкерлер толық дайындалған.

Егер тұрғындарда қандай-да бір сұрақ туындаса, онда 1406 нөміріне хабарласу ұсынылады.

Еске салайық, 13 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елімізде алғаш рет COVID-19 вирусы тіркелгенін мәлімдеді. Аталмыш инфекция екі азаматтан анықталған.

Вирус жұқтырғандардың бірі ер адам, екіншісі әйел екені белгілі болды.

Біртанов: «Біз мықты халықпыз»
Оразалин: Алып-сатарларға пайда көруге мүмкіндік беруде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу