Қазақстанда алғашқы коронавирус дерегі тіркелді
Қазақстанда бірінші коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақпаратты еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өкілдері растады, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Коронавирус бірден екі қазақстандықтан анықталған, олар Германиядан келген.
Еске салайық, мұның алдында бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин Қазақстанға коронавирус қашан келетінін айтқан болатын. Оның айтуынша, коронавирус Қазақстанға 11-16 наурыз аралығында келуі мүмкін.
- "Біздің болжамымыз бойынша шамамен 11-16 наурыз аралығында біздің елде коронавирус таралады. Бірақ бұл болжам. 1-2 апта не ары, не бері", - деген еді Бекшин.