Министр ҰБТ мен оқушылардың оқуын жазға қалдыруға қатысты пікір білдірді

Oinet.kz 12-03-2020 1456

Көктемде өтуі тиіс ҰБТ кейінге қалдырылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

image.png

"ҰБТ туралы айтатын болсақ. Сіздер бүгінде ҰБТ жылына төрт рет өтіп жүргенін білесіздер, келесі ҰБТ наурыз айының соңында ақылы түрде өтуі керек болатын. Бірақ біз енді ҰБТ-ны кейінге қалдыра тұруды шештік. Жазда өтетін ҰБТ туралы айтатын болсақ, ол кезге қарай барлығы нақты белгілі болады деп ойлаймыз, яғни елдегі эпидемиологиялық жағдай жайында", - деді министр.

Оның айтуынша, әзірше оқушылардың оқуын жазға қалдыруға себеп жоқ.

"Біз тек каникул мерзімін 21 наурыздан 16 наурызға ауыстырдық. Жалпы алғанда ештеңе өзгермейді. Эпидемиологиялық жағдай ушығатын болса, қашықтан оқуға көшеміз", -деді Асхат Аймағамбетов.

Еске салайық, мұның алдында премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Қазақстанның орта білім беру мекемелерінде коронавирустың тарауына байланысты 16 наурыз - 5 сәуір каникул болатынын мәлімдеген еді.

Қытайдағы қазақстандық: «Вирус қанша елге тараса да, қауіпсіз жер - Қытай болады»
Түркістан: кезекті «халық заңгері» науқаны шалғай жатқан жаңа иқан ауылында өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу