Қытайдағы қазақстандық: «Вирус қанша елге тараса да, қауіпсіз жер - Қытай болады»

Oinet.kz 12-03-2020 1617

Қытайдағы қазақстандық 26 жастағы Алдияр Жұмажанов Аспан асты еліндегі топ-20 ірі IT компаниясына кіретін Mechanist Games Technologies корпорациясында қызмет етеді. Сонымен қатар, ол 2019 жылы ТМД территориясындағы әйгілі мобильді ойынның авторы. Шымкенттің тумасы Алдияр коронавирустан қорғанатын ең қауіпсіз жер Қытай деп айтты, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

d4a6f1abb0ab65b299b07eb483252090.jpg

Алдияр коронавирус инфекциясы кең тарала бастағанда Қазақстан өз азаматтарын елге алдырта бастағанда анайы рейспен елге қайтудан бас тартқан. Қазір Қытай елінде осы індетке қарсы қандай шаралар қабылданып жатыр, қалай күресіп жатыр, жергілікті тұрғындар өздерін қалай ұстауда, өзге шетелдіктер өз елдеріне қайтуға асығып жатыр, ма осы және өзге де мәселелер жөнінде айтып берген.

Алдияр Фуцзян провинциясындағы Сямынь қаласында тұрып, жұмыс істейді. 5 млн тұрғыны бар қала Қытайдың оңтүстігінде орналасқан. Ол коронавирус ошағы болған Ухань қаласынан 1000 км қашықтықта орналысқан.   

- Коронавирус инфекциясы өрши бастаған кезде маған Шанхайдағы Қазақстанның бас консулдығынан хабарласты. Маған қазақстандықтарды елге қайтару бойынша шаралар жүріп жатқандығын айтты. Бірақ мен елге қайтудан бас тарттым. Өйткені вирус барлық жерге тарап жатса да, әлемдегі ең қауіпсіз жер - осы Қытай болады дегенді айттым. Менің ойымша, дұрыс жасадым. Бірақ Қазақстанның Сыртқы істер министрлігіне алаңдап, өз азаматтарының жағдайын ойлап жатқанына ризамын, - деді Алдияр Жұмажанов. 

Оның айтуынша, қазір жағдай жіті бақылауда. Билік әзірге вакцина табылғанша, вирус одан сайын өрши түспеуі үшін және халық дүрбелеңге бой алдырмауы үшін барлық күш-жігерін жұмсап жатыр. 

Соңғы екі аптада Сямыньде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар анықталмады. Алғашқы бірнеше аптада вирус жұқтырғандар саны 35 адам болған. Бүгінде олардың барлығы жазылып, ауруханадан шыққан. 

Қытай билігі вируспен күрес үшін миллиардтаған доллар қаржы бөліп жатыр. 

- Вирус жайлы ресми органдар хабарлап, дабыл қаққанда үкімет тұрғындарға 100 маска мен 2 құты санитайзер беру туралы шешім қабылдаған. Оны жұмыс берушілер таратты немесе ауруханада берді. Барлық қажетті құрал-жабдықтар сатып алынды. Дене температурасын өлшейтін құралдар саябақтар мен дүкендердің, сауда орталықтарының, аялдамалардың кіре берістеріне тағы басқа жерлерге орнатылды. Сонымен қатар, еріктілерден жасақталған блок-патрульдер болды. Егер дене қызуы жоғары адам анықталған болса, бірден жедел жәрдем шақырылды. Тексеріс барасында коронавирус инфекциясы анықталса, оны сол жерден ауруханаға алып кетеді. Бірақ мен ондай жағдайларды өзім көрмедім. Адамдар да алғашқы белгілерін байқай бастаса, мамандарға жүгініп отырды, - деді Алдияр. 

Арнай машиналар аптасына екі рет арнайы сұйықтықпен жаяу жүргіншілер жолын дизенфекциялайды. Сондай-ақ, көпшілік жүретін жерлердегі баспалдақтар, оның жақтаулары, орындықтар дизенфекциядан өтіп отырған. 

Шағын және орта бизнеске де үкімет тарапынан қолдау көрсетілген. Кәсіпкер айлық табысынан айырылып қалған жағдайда оның жылдық пайдасынан салық ұсталады. Әрине вирустан адам өзін қалай қорғану керектігі жөнінде түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүріп жатыр. 

ҚХР Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше нұсқау берген. Ол нұсқау бойынша, әр тұрғын өзімен бірге 2 маска алып жүру керек. Яғни біреуін тағып жүрсе, екіншісін өзімен бірге алып жүреді. Онымен қоса өзімен бірге бір құты санитайзер алып жүруі қажет. Аса қажеттілік туындамаса көпшілік жиналатын жерге бармауға кеңес беріп, қолды күніне неше рет және қалай жуу керек деген қарапайым ережелерге дейін айтып, түсіндіріп отырған. 

- Осы шаралардың арқасында Сямыньде жағдай тұрақты. Адамдар жұмысына, дүкендерге барып жүр. Барлығы штаттық режимде өтіп жатыр. Бірақ адамдарды үнемі тексеріп тұрады. Ешқандай дүрбелең жоқ. Әр демалыс сайын сауда орталықтарына барып өзіме қажетті заттарды бір аптаға жетерліктей алып келемін. Тауарлардың жетіспеушілігі, ажиотаж жоқ. Ондай жағдайларды өзім бір рет те көрмеппін, - деді қазақстандық. 

Қаңтар айының ортасында Қытайдың Жаңа жылы қарсаңында вирусқа шалдыққандар саны артып, жағдай бақылаудан шығып бара жатқанда билік ұйымдастыру шараларын қолға ала бастады. Мереке қарсаңында өз қалаларына, ауылдарға кетіп қалған адамдарға көпшілік ортаға көп шықпауға шақырып, олардың демалыс мерзімін ұзартып берді. Кейін демалыс мерзімін ұзарту жөнінде бұйрық шықты.  

- Біз 22-30 қаңтар аралығында демалысқа шықтық. Кейін демалысты 9 ақпанға дейін созды. 10 ақпаннан бастап жұмысқа шықтық. Бірақ қашықтықтан жұмыс істеуге мүмкіндігі барлар үйлерінде қалды. Біздің компанияның көп бөлігі үйден отырып та жұмыс істей алады. Біз осындай режиммен 28 ақпанға дейін істедік. 1 наурыздан бастап әдеттегідей офиске келіп, жұмыс істей бастадық. Тек барлығымыз маска киіп алдық. Бізге тағы қосымша жаңа масқа мен дезинфекциялау заттарын таратты, - деді Алдияр. 

Айтуынша, Сямыньдегі экспат-әріптестері және басқа да шетелдік қызметкерлер қалада қалған. Өйткені олар отандарына қайтып келсе, 2-3 апта карантинде қалатын еді.   

Сондай-ақ, біз мұнда тағы бір себептен қалдық. Біз вирустың таралмауы үшін жасалып жатқан шараларды көрдік. Қытай мұнымен күресіп шықты деуге болады. Бүгінде Қытай әлемдегі ең қауіпсіз жер деп ойлаймын, ал басқа елдер күресті енді қолға алды, - дейді сұхбаттасушы.  

Менің ойымша, Қытай мамыр не маусымға қарай коронавирусты жеңеді. Себебі жаңадан жұқтырғандар саны қысқарып жатыр, ал жұқтырғандардың 65%-ы сауығып кетті. Және менің жеке кеңесім – жеке гигиенаны сақтаңыз, қолыңызды жуыңыз және дүрбелеңге сеніп, ермеңіз, - деп түйіндеді Алдияр Жұмажанов.

Жамбыл облыстық ауруханасы
Министр ҰБТ мен оқушылардың оқуын жазға қалдыруға қатысты пікір білдірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу