Баланы аяусыз ұрған тәрбиеші видеоға түсіп қалды (видео)

Oinet.kz 04-03-2020 1749

Ақтөбе "Чайка" балалар туберкулез санаторийінің тәрбиешілері баланы сүлгімен ұрып-соғып, қорлық көрсеткен. Тәрбиешілер жұмыстан босатылады, деп хабарлайды тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz.

image.png

Қазірде "Чайка" шипажайында болған оқиғаны тексеретін арнайы комиссия құрылды.

"Іс материалдары құқық қорғау органдарына берілетін болады. Оқиға жексенбі, 1 наурыз күні ойын бөлмесінде орын алды. Балалар бейнежазбада ендігі түскі ұйқыдан оралып, теледидар көріп отырған. Баланы ұрып соққан және тағы сол бөлмеде болған 2 тәрбиеші жұмыстан босатылады. Комиссия арнайы тергеу жұмыстарын жүргізеді, оның қорытындысы бойынша мекеме әкімшілігіне қатысты шаралар қабылданады", - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бейнежазбадан тәрбиешінің баланы қатты сабап жатқанын көруге болады. Кадр сыртындағы балақай да оларды тәпішкемен ұратынын айтып отыр.

Видео мына сілтемеде.

Дүниежүзілік банк коронавируспен күреске 12 миллиард бөлді
Марғұлан Сейсембаев: «Рахат Әлиев қоқан-лоқымен бизнесімді тартып алмақшы болды»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу