Марғұлан Сейсембаев: «Рахат Әлиев қоқан-лоқымен бизнесімді тартып алмақшы болды»
Кәсіпкер, қоғам белсендісі Марғұлан Сейсембаев Назарбаевтың экс-күйеу баласы Рахат Әлиевтің кезінде өзін қалай қорқытып, үркіткені туралы айтты. Бизнесін тартып алу үшін ашықтан ашық қоқан-лоқы көрсеткенін жеткізді. Бұл туралы ол "Уақыт көрсетеді" ютуб каналында айтты деп хабарлайды Oinet.kz.
- Рахат Әлиевпен екі жарым, үш жылдай шайқастық кәдімгідей. Барлық бизнесімді алып қойғысы келді. Ол уақытта істегені қоқан-лоқы емес, кәдімгідей қорқыту. Тергеуге шақырып, қылмыстық іс ашып, Тергеуге шақырғанда Кузьменко деген тергеушісі алдымызға пистолет қойып, алдымызға пистолет жүгірткен. Өлтірем мен, атам. Сендерді осы жерде өлтіріп тастасамда маған ешкім ешнәрсе істей алмайды, Рахаттың тапсырысы деп. Сосын Рахат өзі маған телефоныма қоңырау соққан. Қоңырау соғып өзі айтқан: Марғұлан ана бизнесті тапсырасың. Осындай адамдарға. Тапсырмасаң мен сені "кошмарить" етем деп тікелей айтты. Ешқандай арамызда адам болған жоқ, - дейді кәсіпкер.
Марғұлан Сейсембаев Рахат Әлиевтің өзіне тікелей шабуылға шыққанын да тілге тиек етті.
- Сондықтан мен оның бәрін жақсы білемін. Ешқандай қоқан-лоқы емес, тікелей атака, тікелей шабуыл. Менің бизнесімнің бәрін тікелей алып қоюға тырысқан адам, - дейді қоғам белсендісі.
Рахат Әлиев Марғұлан Сейсембаевтың бизнесін қанша тартып алуға әрекеттенгенімен еш нәтиже шықпағандығын жеткізді.
- Ақыры бизнесімді берген жоқпын. Ақыры қалды. Ештеңе берген жоқпын. Бірақ, біраз қанымызды ішті, - дейді Марғұлан Сейсембаев.