Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Серік Ахметов үкім шығарылғанға дейін үш ай және үш күн қамауда болды. Бұл мерзім төрт ай мен он тоғыз күн деп түзетілді.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметовке кесілген жаза мерзімі қысқартылмақ, деп хабарлайды zakon.kz.
Серік Ахметов үкім шығарылғанға дейін үш ай және үш күн қамауда болды. Бұл мерзім төрт ай мен он тоғыз күн деп түзетілді.
Сот үкімі заңды күшіне енгенге дейін қамауда ұсталған әрбір тәулік жазаны өтеудің бір жарым тәулігі деп есептеледі, делінген сот шешімінде.Бұл сот шешіміне 15 күн ішінде қарсы шағым беруге болады.
Айта кетсек, Ахметов алдында сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Кейіннен апелляция жаза мерзімін 8 жылға дейін қысқартты. Содан кейін Абай аудандық соты рақымшылық туралы заңның негізінде жаза мерзімнің бір бөлігін қысқартты. Кейіннен Ахметов соттан нақты жазаның өтелмеген бөлігін - 4 жыл 26 күнмен, дәл сол мерзімге, бірақ колонияда емес, бостандықты шектеу түрімен ауыстыруды сұрады. Сот оның өтінішін қанағаттандырды, 2017 жылдың 21 қыркүйегінде ол шартты түрде бас бостандықты шектеу жазасымен үйіне босатылды.