Президент Еуропалық қайта құру және даму банкінің президентімен кездесті

Oinet.kz 04-03-2020 1018

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Сума Чакрабартиді қабылдады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

701ced57-acc5-4675-ad87-dec3e576a948.jpg

Кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сума Чакрабарти Қазақстан мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы қатынастардың қазіргі ахуалы мен ынтымақтастықтың алдағы перспективаларын, оның ішінде бірлескен инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады.

Тараптар коронавирус індетінің теріс әсері жағдайындағы әлемдік экономиканың дамуы туралы пікір алмасты.

Сума Чакрабарти Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті қызметіне кіріскеніне бір жыл толуымен құттықтап, осы аралықта елімізде атқарылған саяси және экономикалық реформаларға, әсіресе, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына жоғары баға берді.

- "Лондондағы бас офисіміздегі командамен Қазақстандағы өкілдіктің пікірінше, Сіздің біліміңіз бен халықаралық қатынастардағы мол тәжірибеңіз еліңіздің дамуына елеулі үлес қосады. Біз Сіздің барлық бастамаларыңызды қолдаймыз, Президент ретінде бір жылда атқарған табысты жұмыстарыңызға ризашылық білдіреміз", – деді Еуропалық қайта құру және даму банкінің басшысы.

Нұр-Сұлтан қаласында жалған ақша шығарушы ұсталды
Коронавирус Қытайдан бөлек 72 елде анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу