Ахметбек Нұрсила сергек арқылы Қытай бізді қалай басқарып отырғандығын айтты
Бизнес бастау кәсіпкерлік мектебінің жетекшісі Ахметбек Нұрсила Қытайдың сергек арқылы қазақ халқын қалай басқарып отырғандығын айтты. Тіпті, біздің билік неліктен мұндай әрекетке барып отырғандығы ақылға симайтындығын жеткізді. Бұл туралы ол NURSILA ютуб каналында айтты деп хабарлайды Oinet.kz.
- Сергек пе? Тұзақ па? Қазір қадам басқан сайын әрбір қалаларда камералар тұр. Сен не істедің, не қылды, қайда қойдың бәрін бақылап отыратын. Бұған басында біз назар аударған жоқ болатынбыз. Жарайды жол ережесін бұзбау үшін, түрлі апаттар болмас үшін қойған шығар деп. Міне қараңыздар, біз шетелге шығамыз ба, ЦОН-ға барамыз ба, бізді үш жағымыздан фотоға түсіріп алады. Бұны биометриялық адамдардың белгісі дейді. Осы арқылы сіздің қайда жүргеніңізді, не істегеніңізді, кіммен жүргеніңізді, қайда қонғаныңызды бәрін бақылап отырады, яғни, біз тұзаққа түстік, торға түстік деген сөз. Біреу бақылап отырады. Бұның ішінде ең қорқыныштысы бұл сервер Қытайда тұр екен, - дейді семинар-тренер.
- Қытайда серверді басқарып отырған адамдар біздің бүкіл өмірімізді бақылап отырады. Және бізді тұзаққа салып, қалай басқарғысы келсе солай басқарып отырады. Қытайда кәдімгідей әрбір адамға өзінің рейтингісін қойып қояды екен. Сосын бүкіл халық Қытайдың айтқанына көніп, айдағанымен жүретін болып қалуымыз мүмкін. Бұл бізге керек пе? Неге билік осыны бізге жасап жатыр, - дейді Ахметбек Нұрсила.
- Билік неге халықты бақылау керек? Билік ол халықтың қызметшісі. Министр ма, әкім ба, милиция ма, депутат па, президент па - ол халықтың қызметшісі. Біз бағбан, жүргізуші жалдап аламыз. Сол сияқты олар біз жалдап алып, ақша төлеп отырған біздің қызметшіміз. Елдің иесі, жердің иесі халық болуы қажет. Сондықтан, сергекті біздің қызметшілерімізді бақылауға қолданайық, - деді кәсіпкер.