Қырғызстанға қарай бензин айдайтын жер астына жасырылған шланг табылды
Аталған факті бойынша тиісті органдарға ақпарат берілген
Шекарашылар жанар-жағармайды шекара арқылы Қырғызстанға қарай тасымалдайтын жерасты магистралын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Мемлекеттік шекараның күзетін қамтамасыз ету міндеттерін атқару барысында қазақстандық шекарашылар Қырғызстандық әріптестерімен бірлесіп қазақ-қырғыз шекарасы бағытындағы Жамбыл облысының шекара маңындағы аумағынан жер астына қазып төселген екі пластик шлангіні анықтады. Шлангінің бірінен бензин иісі бар сұйықтық табылды. Алдын ала болжам бойынша, анықталған жайт шекара арқылы заңсыз ЖЖМ тасымалдауға арналған, жақсылап жасырылған жер асты магистралы болуы ықтимал.
Аталған факті бойынша тиісті органдарға ақпарат берілді. Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.