Дональд Трамп Оскар алған "Паразиттер" фильмін сынады

Oinet.kz 21-02-2020 1092

Доналд Трамп "Оскар" киноакадемиясының биылғы наградасына разы емес. Ол, Корея елі түсірген "Паразиттер" фильмін бас жүлдеге лайық деп санамайды, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

b197f0bb-7154-40c0-895b-bd99a5c0b6ec.jpg

Америка президенті киноакадемияның осы жылғы Оскар сыйлығын "нашар", оңтүстіккореялық картинаның жеңісін "әділетсіз" деп атады.

АҚШ президенті Дональд Трамптың айтуынша, Оңтүстік Корея режиссері Пон Чжун Хоның "Паразиттер" картинасын басты Оскарға лайық емес. Бұл туралы ол 21 ақпанда Колорадо штатындағы митинг кезінде мәлімдеді.

- Киноакадемияның биылғы наградасы қандай жаман. Және жеңімпаз – оңтүстіккореялық кино. Мұндай жағдай қайдан болып отыр? Біздің Оңтүстік Кореямен саудада проблемамыз жетерлік, ал олар Кореяға жылдың үздік фильмі сыйлығын береді. Бұл дұрыс па? Білмеймін. "Унесенных ветром"-ды қайтарайықшы, өтініш. Ал жеңімпаз – Оңтүстік Кореядан. Мен оны шетелдік үздік фильм деп ойлайтынмын. Жоқ. Мұндай бұрын болатын ба еді?, – деді Трамп.

Биыл кино саласындағы әлемнің үздік сыйлығы – Америка киноакадемиясының нұсқасы бойынша "Паразиттер" фильмі жылдың үздік картинасы атанған болатын.

Басты Оскар алғаш рет басқа тілдегі фильмге (ағылшын тілінде емес – ред.) бұйырды. Фильм тағы үш аталымды: режиссура, сценарий және шетелдік үздік фильмді жеңіп алды.

Коронавирус Қытай түрмелеріне дейін жетті
2020 жылы жұмыс істеген аналар үшін қандай көлемде декреттік төлем болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу