20 ақпан Қазақстанда үйлену бойынша жаңа рекорд орнады
Кеше Қазақстанда некеге отырушылар саны басқа күндерге қарағанда анағұрлым көп. 2020 жылдың екінші айының 20-сында 800 жұп отбасын құруға шешім қабылдапты. Өткен жылы бұл төрт есе аз болған. Бұл туралы ktk.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz сайты хабарлайды.
Ерекше үйлескен сандары бар күнді таңдау қазақстандықтар үшін дәстүрге айналған.
Бүгін елордада, Алматыда және Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында некесін қидырып жатқандардың саны көп. Әділет министрлігінің мәліметінше, жас жұбайлардың ең жас жұбы 16-22 жаста болса, ең кәрі жұп 65-70 жаста. Жалпы жыл басынан бері елімізде 15 мыңдай азамат шаңырақ құрыпты.
"Бүгін, 2020 жылдың 20 ақпан күні, 20.02.20 деп жатырмыз, Қазақстан Республикасында 1600-ге жуық қазақстандық некесін құрды – 800-ден астам жұп құрылды. 2019 жылы тап осы күні 241 неке құрылған. Қыс айына бұл өте үлкен көрсеткіш", - ҚР әділет министрлігінің басқарма басшысы, Маржан Дінғалиева.