Парақорлық фактісі туралы хабарлаған адамға пара сомасының 10% беріледі

Oinet.kz 21-02-2020 756

11429336.jpg


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз алаңында өткен шарада ведомствоның аға тергеушісі Данияр Бигайдаров жедел-тергеу жқмыстарының нәтижелері туралы баяндады. Бұл туралы аталған агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Ол өз сөзінде: «Өткен аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен 120-дан аса сотқа дейінгі тергеу тіркелді, оның көбі парақорлық – 24%, жымқыру – 17% және алаяқтық шамамен 13%», – деді.

Спикердің мәліметінше, сыбайлас жемқорлық және лауазымдық қылмыстар жасаған мемлекеттік органдардың бірқатар қызметкерлеріне қатысты 10 үкім шыққан, оның 3-і Ішкі істер органдарының қызметкерлері бойынша.

Статистикалық мәліметтер көрсеткендей, ішкі істер органдарының қызметкерлері адамның және азаматтың өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне құқыққа қарсы қолсұғушылықтан қорғаудың, қоғамдық тәртіпті сақтаудың және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің кепілі бола тұра, сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім деп саналады.

Көтермелеу бойынша:

Өткен жылы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары туралы хабарлаған 214 азамат 32 млн. теңгеге марапатталды (31 811 080 теңге).

Қаңтар айы бойынша 9 азамат жалпы 1,5 млн. теңгеге (1 469 490 тенге) ақшалай көтермеленді.

Бұдан басқа, Президенттің тапсырмасын іске асыру бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі туралы Үкімет Қаулысы қабылданды

Енді сыйақы сомасы ЭЫДҰ елдерінің көпшілігінде сияқты сараланған болады. Сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлаған адам айыптау үкімінен кейін пара сомасының 10% ала алады. Ең жоғарғы сыйақы 10,6 млн.теңгені құрамақ.

Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қоңыраулар саны үш есеге, расталған фактілер бойынша сотқа дейінгі тергеулерді тіркеу екі есеге артты. Бұл сенім деңгейі мен немқұрайлы емес азаматтар санының артқанын көрсетеді.


20 ақпан Қазақстанда үйлену бойынша жаңа рекорд орнады
Қоғам кеселінің алдын алу - күн тәртібінде тұрған басты мәселе
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу