Ермек Тұрсынов: «Арзанқол киноға түскен әртістер былғанған»

Oinet.kz 17-02-2020 929

Танымал режиссер Ермек Тұрсынов кино әлемінде арзанқол комедияларға түсіп жүрген актерлардың өзінің фильміне түсе алмайтынын атап айтты. Оның айтуынша ондай типтегі актерлер ендігі жерде "былғанған" саналады екен. Бұл туралы хабарлайды Revue.NTK-ға сілтеме берген Oinet.kz.

image.png

"Кастинг басталғаннан бірден сұрақ қоямын. Осындай арзан киноларға түстің ба, "былғанып" қалдың ба, онда маған өте алмайсың", - деп Ермек Тұрсынов өз ойын ашық айтты.

Тұрсыновтың бұл пікірімен Әділхан Ержанов келіспейді. Киногер талай туындысына комедияда бой көрсеткен актерлерді түсіргенді. 

"Шынымды айтсам менің жобаларым ауқымды емес. Сондықтан  үлкен кастингтер ұйымдастырмаймын. Тек кейіпкерлердің образдарын шығар алатын актерлерді өзім іздеймін", - дейді Ержанов комедия жанрда ойнап жүрген бірқатра актерлер туралы былай дейді: 

"Сөзінің жаны бар, бірақ көзқарасым өзгеше. Көптеген комедияда ойнаған Данияр Алшыновтың ол фильмдерін көрген жоқпын. Тек "Районы" киносындағы драмалық образын көрдім. Меніңше ол актер ретінде барлық жанрды қамти алады", - деген ол Алшыновты біраз мақтады. 

Данияр Алшынов та Ермек Тұрсыновтың бұл кіріміен келіспейді. Шығармашылығын комедиядан бастаған ол біліктілікті арттыру үшін актер өзін әр жанрда сынап көру керек деген ұстанымда:

Еске салсақ, Данияр Алшынов Әсел Сәдуақасованың "Келинка тоже челеовек", ""Все из за мужиков", "Больше чем кино" сынды туындыларында төбе көрсеткен.

"Сондықтан Ермек Тұрсыновтың туындыларында Роберт Патенсон, Адам Сендлер ешқашан түспейді. Себебі ол актерлердің барлығы комедия жанрынан батаған", - деп Даняр Ашылов қысқа қаыйырды 

Тәуекел Мүслім болса Ермек Тұрсыновтың пікірімін келсіп қана қоймай оның киносына түсу арманы екенін айтып қалды. 

"Мықты режессердің туындысына түскім келеді. Шақыру түсіп жатса мен одан бас тартпаймын", - дейді актер. 

«Нурикамал» әнінің авторы бақилық болды
Уханьдағы аурухана басшысы коронавирустан көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу