Уханьдағы аурухана басшысы коронавирустан көз жұмды
Ухань қаласындағы аурухананың директоры коронавирустан көз жұмды. Аталмыш инфекцияны жұқтырған госпиталь басшысы сейсенбі күні қайтыс болған, деп хабарлайды Kazinform.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.
Wuhan Wuchang Hospital директоры Лю Чжимин таңғы 10:30-да көз жұмды, деп жазды New York Times. Осы айдың басында миллиондаған қытайлық тұрғын коронавирус туралы ерте ескерту жасаған дәрігер Ли Вэньлянның қазасына көңіл айтқан болатын. Он мыңдаған медицина қызметкері Хубэй провинциясының орталығы Уханьдағы теңіз өнімдерін сататын базарда пайда болған коронавирустың таралып кетпеуі үшін күресті. Қытайлық интернетте Ли секілді, дүйсенбі күні кешке Людің жағдайына қатысты да түсініспеушілік туындады.