Білім министрі мұғалімдерді артық жұмысқа тартқандар қалай жазаланатынын айтты

Oinet.kz 16-02-2020

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді қызметіне кірмейтін жұмысқа тартатындар жаңа заң аясында қалай жазаланатынын айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. Заңның негізгі мақсаты - педагогтердің мәртебесін арттыру, жүктемені азайту, оларды күтпеген тексерулерден және өздеріне тән емес функциялардан қорғау, өзге де ынталандыруларды белгілеуге байланысты мәселелерді заңнамалық деңгейде шешу. 

Screenshot_11.jpg

"Керек болғанда мұғалімдеріміз маңызды кездесулерде зал толтырып, аула аралайды, құжат жинау керек болғанда да қоғам болып мұғалімдердің көмегіне жүгінетіні рас. Мұғалімдерден "Біз балаларға білім беруіміз керек пе, әлде аула аралап, басқа жұмыс жүргізуіміз керек пе?" деген сауалдар жиі келіп жататын. Жасыратыны жоқ, педагогтердің арасында қызметіне кірмейтін жұмысқа тарту, шамадан тыс есептілік, негізсіз тексерулер жүргізу мәселелері заң қабылданғанға дейін өзекті болған еді. Шын мәнінде жүзеге асырылуы үшін заңда тек лозунгтар болмауы керек", - деді министр отандық арналардың біріне берген сұхбатында. 

Оның айтуынша, заң тиісті нормалар және тетіктермен қамтылмаса, дұрыс жүзеге аспайды. Сондықтан бұл мәселеге баса назар аударылып, нақты санкциялар қарастырылған. "Мұғалімдер өздеріне тән емес функцияларға тартылатын болса, тиісті жаза қаралған. 

"Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" кодексіне сәйкес осы нормаларды бұзғаны үшін ескерту жасалады, егер бір жылдың ішінде қайталап бұзса, лауазымды тұлғаларға 20 айлық есептік мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған" - деді Аймағамбетов.

Шахтадағы өрт сөндірілді
Балалардың көз жасы ешқашан төгілмесін!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу