Facebook барлау қызметіне қатысы бар деген 78 аккаунтты өшірді

Oinet.kz 13-02-2020 943

Әлеуметтік желі ережесін бұзғандардың аккаунты бұғатталды. Америкалық Facebook компаниясы әлеуметтік желінің ережесін бұзғаны үшін Facebook-те 78 аккаунт, 11 парақша және 29 қауымдастықты, Instagram-та 4 аккаунтты өшірді. Олар шетелге қол сұғу ережесін бұзған деп айыпталды. Тыйым салынған әрекет Ресейден Украинаға қарсы бағытталған, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.

14fbakk1.jpg

Компания жариялаған құжаттың мәліметінше, бұл парақшалардың әкімдігі мен аккаунттардың иелері орыс, ағылшын және украин тілдерінде Украинаның танымал адамдарына, Ресейдің Сириядағы әскери операциясына, Қырымдағы этникалық қарбаласқа, 2014 жылы малайзиялық авиалайнердің Украинада апатқа ұшырауына қатысты жергілікті және саяси жаңалықтарды жазып отырған. Facebook хабарламасына сүйенсек, бұл желінің артында тұрған адамдар өздері мен қызметтерін жасырын ұстауға тырысқанымен, тексерістен соң олардың ресейлік әскери барлау қызметіне байланысы бар екені анықталған. 

Балтабек Нұрғалиев Сәбит Әбдіқалықовты қатаң сынға алды
ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы тағайындалды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу