Коронавирусқа жаңа есім берілді

Oinet.kz 12-02-2020 966

Коронавирусқа жаңа есім берілді. Қытайда күнсанап өршіп жатқан коронавирустың жаңа түріне COVID-2019 деген ресми атау берілді.Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Аданом Гебрейесус мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

38e29769f389a1177fb14d001cf619b0_resize_w_742_h_365.jpg

"Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен БҰҰ-ның азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымы және Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы арасында келісілген ережелер бойынша бізге георгарфиялық орналасуына, адамға немесе адамдар тобына, сондай-ақ жануарларға қатысты емес, айтылуы жеңіл және аурумен байланысты атау табу керек болды", – дейді Гебрейесус.

Оның айтуынша, CO – "коронавирус", VI — "вирус" және D – "ауру" дегенді білдіреді. Толық атауы "Corona Virus Disease", ал 2019 – вирусты анықтаған жыл.

Еске сала кетсек, 2019 жылғы 31 желтоқсанда Қытай билігі Ухань қаласында пневмонияның өршуі туралы мәлімдеді. Аурудың қоздырғышы – коронавирустың жаңа түрі 2019-nCoV екені анықталды. Соңғы деректерге сәйкес, қатерлі вирустан көз жұмғандардың саны мыңнан асты. Ал 42,5 мыңнан астам адам қауіпті вирусты жұқтырып алған. Сондай-ақ кеше еліміздің денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов тағы 217 Қазақстан азаматының Қытайдан эвакуацияланғанын мәлім етті.

SwissPost компаниясы Абай мен Әбу Насыр әл-Фарабиге арнап мерейтойлық почта маркаларын шығарды
Әлия Назарбаева желіде анасына әсерлі жазба арнады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу