Бразилияда нөсердің салдарынан 63 адам қаза тапты
Бразилияның оңтүстік-шығысында болған нөсер жаңбырдан қаза тапқандар саны 63-ке жетті, деп хабарлайды Oinet.kz порталы «Хабар 24» - ке сілтеме беріп.
Қаза болған 52 адам жүзден астам муниципалитетте төтенше жағдай жарияланған Минас-Жерайс штатында тіркелген. Ал 29 мыңға жуық тұрғын су тасқыны мен көшкін қаупіне байланысты үйлерінен көшірілді, 4 мыңнан астам адам баспанасыз қалды.
Көршілес Эспириту-Сантуда 9 адам қаза тапты. 13 мың адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, олардың 1,5 мыңы жаңа баспанаға мұқтаж. Штат губернаторының есептеуі бойынша, су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына шамамен шамамен 125 млн доллар кетеді. Рио-де-Жанейроның солтүстігінде болған табиғи апаттан тағы екі адам көз жұмды.