Президент коронавирус жұқтырды
Бразилия президенті Жаир Болсонару жаңа коронавирусқа өткізген тесті оң нәтиже бергенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Аурудың белгілері туралы саясаткер жақында білген. Ол коронавирусқа тест тапсырып, өкпеге МРТ жасады. МРТ-да өкпесінде ешқандай зақым жоқ екені анықталды.
Агенттік атап өткендей, Болсонару коронавирусты инфекцияның таралуымен күресу үшін сауда мен түрлі қызметтерді шектейтін ережелерді белсенді сынға алушылардың бірі. Ол "вертикалды оқшаулану" қажеттілігін қолдайтындардың қатарынан: ол бойынша тек жұқтыру қауіпі тобындағы және 60 жастан асқан азаматтар үйде қалуы тиіс. Бұған қарамастан, өңірлік билік, ДДҰ ұсынымдарына сәйкес, барлық азаматтардың жүріп-тұруын шектеу туралы шешім қабылдады.
Президент сондай-ақ бірнеше рет көшелерде, митингтер немесе демонстрациялар кезінде маска мен қолғапсыз шығып жүрген, әлеуметтік қашықтықты әрдайым сақтамай бермейтін, өзін қолдаушылармен сөйлесіп, суретке түсіп жүрген.