Ішін кескен: Жүкті сыныптасына кеш ұйымдастырған әйел оны өлтіріп, баласын алған

Oinet.kz 04-09-2020 1728

Бразилиялық әйел жүкті құрбысын арнайы кешке шақырып, оны өлтіріп, ішіндегі баласын кесіп алған.

Санта-Катерина қаласының 24 жастағы тұрғыны Флавия Годино Мафра баласының өмірге келуін асыға күткен. Қыз күйеуімен бірге балалар бөлмесін дайындап, құттықтаулар жинады. Бала қыркүйек айында туылуы керек еді, ал ерлі-зайыптылардың достары оларға кештер ұйымдастыра бастады, онда отбасының үшінші мүшесіне сыйлықтар берілді. Сондықтан, оның бұрынғы сыныптасы Флавияға хабарласып, кездесуге ұсыныс жасаған кезде, қыз қуана келіскен.

Кешке тек үшеуі қатысты - Флавия, сыныптасы және оның күйеуі. Бірақ болашақ ана барлығымен амандасып үлгермей жатып, жігіт оның басына кірпішпен ұрып жіберді. Содан кейін іске сыныптасы кірісіп, Флавияның ішінен баласын кесіп алған. Олар қыздың денесін қыш шеберханасының аумағына лақтырып жіберген.

Содан кейін ерлі-зайыптылар дереу ауруханаға барып, сол жерде нәрестені тексерген, бірақ дәрігерлер жағдайды тым күдікті деп санап, полиция шақырды.

Сыныптасы қаңтар айында түсік тастағанын мойындады және ол бұған төтеп бере алмады. Содан бері ол бала ұрлауды ойлап жүрген, содан кейін Флавия назарына іліккен. 

Тергеу қыздың жан түршігерлік операция кезінде тірі болған-болмағанын әлі нақты анықтамады, бірақ сараптама өлімнің себебі бас пен іштегі жаралар екенін көрсетті. Қазір қылмыскерлер уақытша ұстау абақтысында, ал Сесилия есімді нәресте ауруханада. 

"Флавия өте жағымды, қамқор және мейірімді еді. Әрқашан кез-келген адамға көмектесуге дайын болды. Ол адамдарға оңай сенді және соңғы рет оның өмірін қиған әйелге сенді", - деді Флавияның құрбысы.

Дереккөз: stan.kz

Жеңгеме күйеу іздеймін
Күйеуі үшін арықтаймын деп өліп кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу