Тоқаев: «Мұғалімдерді даярлайтын ЖОО-ларға көбінесе үлгерімі нашар түлектер барады»

Oinet.kz 24-01-2020 874

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев диплом сататын ЖОО-лар туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz порталына Oinet.kz  сайты сілтеме жасап.

26680.jpg

«Біз мұғалімдердің жалақысын 25 пайызға көтердік. Министрлік білім беру бағдарламасарын жаңартумен, сондай-ақ ЖОО-лардың академиялық дербестігін арттырумен айналысуда. Бизнес пен жұртшылықпен диалог орнатылды. Енді Білім және ғылым министрі мен жергілікті атқарушы органдар осы міндеттерді дұрыс атқаруы тиіс. Қазіргі таңда елімізде білікті ұстаздардың тапшылығы айқын сезіліп отыр. Мамандардың жасы ұлғайған сайын олардың орнын басатын лайықты мұғалімдер жетіспей жатыр. 330 мың мұғалімнің 27 пайызы – зейнет жасын жақындаған немесе жеткен азаматтар», - деді мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Тоқаев мұғалімдерді даярлайтын ЖОО-ларда көбінесе үлгерімі нашар түлектер баратынын атап өтті.

«Олардан кәсіби деңгейі төмен мамандардың шығатыны осыдан. Мемлекет тарапынан тиісті өкілеттік берілді. Қажетті ресурс бар. Сондықтан, қалыптасқан жағдайды түбегейлі өзгертуіміз керек. Бізге жаңа талаптарға сай мұғалімдерді даярлайтын Жоғары оқу орындары қажет. Диплом сатып, жоғары білімнің беделін түсіретін жекеменшік оқу орындарынан біржола құтылу керек», - деді Тоқаев.

Президент шетелдік көліктерді елге кіргізбеуді тапсырды
Денис Теннің сценарийі бойынша түсірген фильм экранға шығуға дайын
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу