Президент шетелдік көліктерді елге кіргізбеуді тапсырды

Oinet.kz 24-01-2020 794

avto.jpg

 

Бүгін өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев заңға сәйкес келмейтін шетел көліктерін Қазақстанға кіргізбеуді тапсырды.

-Біздің азаматтар Ресей мен Қырғызстаннан сенімхат арқылы көліктерді сатып ала береді. Кейін сол көліктерін біздің елде тіркемей, айдап жүреді. Өз азаматтарымыз Қазақстанның заңнамасын бұза отырып, техникалық құжаттарды ресімдейді. Елге кіргізіліп жатқан ондай көліктердің көбі есепке тіркелмейді. Олардың саны он мыңдаған саннан асып кетеді. Осы себепті, Бас прокуратураға қалыптасқан жағдайға құқықтық баға беруді тапсырамын, - деді Президент. Тапсырмаға сәйкес Үкімет бір ай ішінде Қазақстан азаматтарының ЕАЭО елдерінен 2020 жылдың 1 ақпанына дейін әкелген көліктерін тіркетуді тапсырды.

-Бұл көліктердің тіркелуі 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады. Мұндай көліктер техникалық регламенттің талаптарына сай болуы керек. Сондай-ақ, тіркеу сомасы мен мемлекеттік бажды төлеуі тиіс. Уақытша тіркеу бір қолдан екінші қолға сатылып барып, жасалмауы тиіс. 2021 жылдың 1 наурызына дейін автокөлік иелері көліктерін тұрақты тәртіпте тіркеп, кедендік баж бен утилизациялық соманы төлеуі тиіс. Болмаса ол көлікті елден шығаруы немесе заңнамамен тыйым салынбайтын басқа да амалмен мәселесін реттеуі қажет. Үкіметке Қазақстанның заңнамасына қайшы келетін көліктерді бұдан ары кіргізбеуді және пайдалануға шектеу қою шараларын қолға алуды тапсырамын», - деді Мемлекет басшысы.

 


Қазақстандықтар бір айда шайдың өзіне 3100 теңге жұмсауда
Тоқаев: «Мұғалімдерді даярлайтын ЖОО-ларға көбінесе үлгерімі нашар түлектер барады»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу