Денис Теннің сценарийі бойынша түсірген фильм экранға шығуға дайын

Режиссер Тимур Бекмамбетовтің қаза болған мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің сценарийі бойынша түсірген фильмі прокатқа дайын. Бұл туралы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы басқармасының төрайымы Гүлнәр Сәрсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат сайтының тілшісі OINET.KZ сайтына сілтеме жасап.

Денис Теннің сценарийі бойынша түсірілген фильм прокатқа шығады

«Соқыр махаббат» фильмі экранға шығуға дайын. Бұл туындыны Денистің анасы мен Тимур Бекмамбетов бастаған біздің қазақстандық компания түсірді. Біз де көмектестік. Қазіргі уақытта оны прокатқа шығару жолдарын қарстырып жатырмыз. Өйткені, Тимур Бекмамбетов ойлап тапқан форма өте ерекше. 

Басында 25 минут Денис Теннің сценарийі бойынша Тимур Бекмамбетов түсірген қысқаметражды фильм көрсетіледі, кейін Денисті еске алуға арналған туынды жалғастырады», - деді Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы Гүлнәр Сәрсенова. Сонымен қатар, картинаны басқа елдерде көрсету жоспарда. «Қазір бұл фильмді бүкіл Қазақстанға көрсетуді жоспарлап отырмыз. Кейін Денис Тенді танитын елдерге де шығарамыз», - деді ол. Бұған дейін, кинорежиссер Тимур Бекмамбетов Денис Теннің сценарийі бойынша «Соқыр махаббат» фильмі АҚШ-та ағылшын тілінде түсірілетінін хабарлаған болатын

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Білім министрі мұғалімдерді артық жұмысқа тартқандар қалай жазаланатынын айтты
  • Қазақстандықтар әлеуметтік желі қызметтері дұрыс істемей жатқанына шағымдануда
  • Шахтадағы өрт сөндірілді
  • Қазақстан Президентінің Германияға сапарының екінші күнінен видеошолу
  • Қытайда коронавирусты жұқтырғандар саны 57 416 адамға жетті
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика