Депутат «орыс тілінде ақылы тілдесуді» ұсынды
Жаңа консервативті партияның мүшесі, Рига қалалық думасының депутаты, журналист Эва Мартужа барлық мемлекеттік органдар мен коммерциялық ұйымдарда орыс тілінде ақылы тілдесуді ұсынды, деп жазады ИА REX.
Мемлекеттік қызметкерлермен, сатушымен, менеджермен және т.б. сөйлескісі келетін кез келген адам мұны аудармашының тарифі бойынша төлеуге тиіс.
- Латыш тілінен орыс тіліне тірі немесе тікелей аударманың он минуты қанша тұрады? Такса - бес минут үшін он еуро. Бұрынғы қателікті өзгертетін уақыт келді және латвиялықтарға төлемнің осы түрін супермаркеттерде, барлық мемлекеттік мекемелерде және жеке компанияларда енгізуге мүмкіндік береді. Тіл білмесеңіз - аудармашы іздеңіз. Сіз аудармашының жұмысына ақы төлеуіңіз керек, - деп жазды Мартужа өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Латвия тұрғындарының 40%-дан астамы үшін орыс тілі ана тілі болғанына қарамастан, 2019 жылдың қыркүйегінде парламентте балабақшалардан бастап, білім беруді латыш тіліне толықтай аудару туралы заң қабылданды. Бұған дейін жеке меншік оқу орындарында да орыс тілінде білім алуға тыйым салынды.
Латвиядағы аударма қызметі сөйлесудің бес минутына 10 евродан бағаланады.
Дереккөз: bugin.kz