Алматылық суррогат ана баладан бас тартқан қытайлықтардан ақшасын ала алмай жүр

Oinet.kz 11-03-2026

Алматыда 27 жастағы Кристина Гаврилюк Қытай азаматтары үшін суррогат ана болған және бұл қызметі үшін  7,5 миллион теңге сыйақы алуы тиіс болған. Алайда биологиялық ата-аналар шала туған ұл баланы қабылдаудан бас тартқан. Әйел нәрестені сәбилер үйіне тапсырған және полицияға жүгінген, деп хабарлайды Оinet.kz сайты КТК телеарнасына сілтеме жасап.

image.png

Гаврилюктің айтуынша, эмбрион Алматыдағы клиникалардың бірінде салынған. Жүктілік кезінде тапсырыс берушілер ай сайын шамамен 200 мың теңге төлеген. ДНҚ-тест нәтижелері нәрестенің биологиялық ата-анасымен туыстығын растағанымен, олар байланысқа шықпаған.

Әйел қазір дүкенде сатушы болып жұмыс істейді және алты жастағы қызын тәрбиелеп отыр. Бұған дейін екі рет суррогат ана болған, екі жағдайда да келісім сәтті аяқталған. Осы жолы уәде етілген ақшаны ала алмай отыр.

Полиция қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық белгілерін анықтамаған, сондықтан азаматтық сот тәртібімен қарау ұсынылды. Заңгерлер Кристинаға сотқа жүгінуді, ал биологиялық ата-аналар шетелдік болғандықтан, Қытай елшілігі мен Сыртқы істер министрлігіне өтініш жасауды кеңес береді.

Кристинаның айтуынша, балаға тек жаны ашитынын, бірақ өз баласы болмағандықтан жауапкершілік ала алмайтынын түсіндірді. Дәрігерлер нәрестенің тастанды бала ретінде тіркелетінін айтқан.

Қазіргі уақытта жаңа туған нәресте сәбилер үйінде, жағдайы тұрақты, салмақ қосып өсіп келеді.

Дубайдағы 97 пәтер қазақстандықтарға тиесілі ме? Бас прокуратура жауап берді
Қазақстанда әйел әкім жоқ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу