Дубайдағы 97 пәтер қазақстандықтарға тиесілі ме? Бас прокуратура жауап берді

Oinet.kz 11-03-2026

Бұған дейін желіде Дубайдағы 97 пәтердің бұрынғы шенеуніктерге немесе мемлекеттік қызметкерлердің отбасы мүшелеріне тиесілі болуы мүмкін деген болжамдар тараған болатын. Бас прокуратура бұл ақпаратты ресми тексеруге ешқандай негіз жоқ екенін хабарлады, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Еске сала кетейік, 1 наурызда Fairmont The Palm кешенінің жанында Ираннан ұшқан зымыран құлап, өрт шыққан еді. Осыдан кейін журналист Манас Қайыртайұлы пәтерлердің қазақстандықтар атына рәсімделгенін жазған. Әлеуметтік желіде бұл мүліктердің бұрынғы шенеуніктерге немесе мемлекеттік қызметкерлердің отбасы мүшелеріне тиесілі болуы мүмкін деген болжамдар тараған.

Бас прокуратура өкілдері бұл ақпаратқа ресми тексеру жүргізілмегенін, және шетелдегі жылжымайтын мүлікке иелік ету заңға қайшы емес екенін айтты. «Уәкілетті органдар тарапынан ресми тексеру болмаса, жарияланған ақпаратқа құқықтық баға беру мүмкін емес», – делінген ведомство хабарламасында.

Бұған дейін Ерлан Саиров бұрынғы жоғары лауазымды шенеуніктердің БАӘ-дегі мүліктерін тексеруді сұраған болатын.

12 наурыздан бастап аяушылық жоқ. Камералар жаңа айыппұл жібереді
Алматылық суррогат ана баладан бас тартқан қытайлықтардан ақшасын ала алмай жүр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу