Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағынан айырылды
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының орта салмақтағы әлем чемпионы титулын алып тастау туралы қатаң шешім қабылдады, деп жазады Оinet.kz.

2026 жылғы 10 наурыз кешке IBF хатшылығынан Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясына ресми хабарлама келген. Бұл туралы федерация президенті Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді.
Оның айтуынша, IBF ұйымының ережесіне сәйкес әр чемпион белбеуін тоғыз ай ішінде қорғауы тиіс. Ал Әлімханұлы титулды 2026 жылғы 4 шілдеге дейін қорғауы керек.
Осы жағдайға байланысты IBF Директорлар кеңесі 5 наурызда чемпиондық титулды бос деп жариялау туралы шешім қабылдаған. Сонымен қатар, боксшы 2026 жылғы 2 желтоқсанға дейін шеттетілген.
Ерденбековтің айтуынша, Жәнібек Әлімханұлы бұл шешімге қатысты апелляция бере алады.
Айта кетейік, WBO ұйымы қазақстандық боксшының чемпиондық титулын сақтап қалды, алайда оны бір жылға дисквалификациялаған.


