Терезесіне ет жайған тұрғын сынның астында қалды
Ақтаудағы 19 шағын ауданда ерекше көрініс тұрғындар назарын аударды. Элиталық "Ханшайым" тұрғын үй кешенінде тұрғынның бірі терезе торларына кептіру үшін ет іліп қойған, деп жазады Оinet.kz.

Әлеуметтік желіге ет ілінген фотоларды жариялаған автор «ашық ауадағы дәмді тағамдар цехы» деп жазып, бұл көрініске қатты таңқалғанын айтады. Аталған фото әлеуметтік желілерде тез таралып, қала тұрғындары арасында қызу талқы тудырды.
Желі қолданушылары еттің тура аула алдында, яғни адамдар көп жүретін жерде ілінгенін атап өтіп, элиталық үйге жарасымды көрініс емес екенін айтуда. Енді бірі тұрғынның тапқырлығына күлкілі комментарийлер жазған. Десе де, көпшілігі санитарлық нормалар мен қаланың эстетикалық көрінісін сақтау мәселесіне алаңдаушылық білдірген.


