Қанат Жұмабаев Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры болып тағайындалды

Oinet.kz 18-01-2020 1060

Қанат Жұмабаев Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры болып тағайындалды,  деп хабарлайды OINET.KZ сайтының тілшісі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

Картинки по запросу тағайындау

"Жұмабаев Қанат Несіпбайұлы Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры болып тағайындалды", - деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Бұған дейін бұл қызметті Әсет Исекешев атқарды. 16 қаңтарда ол Қазақстан Республикасы президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.

1965 жылы туған. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі. КСРО Сыртқы істер министрлігі Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының сыртқы экономикалық қызметі үшін мамандар даярлау мектебін бітірген.

Бұған дейін ол "ҚазАстықТранс" ЖШС басқарма төрағасы болды, Президент іс басқармасы жүйесінде жұмыс істеді, 2014 жылдан бастап "Алатау" ЕСК" АҚ президенті қызметін атқарды.

2016 жылдың желтоқсанынан 2019 жылдың 25 наурызына дейін – Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры. Кейінірек қор атқарушы директорының бірінші орынбасары болды.

Дінді ұстай алсаң қасиетің, ұстай алмасаң қасіретің
Экс-басшы Әнуар Маймақов үйқамақта отыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу