АҚШ-тың Ирактағы тағы бір әскери базасы ойрандалды

Oinet.kz 15-01-2020 1142

Бағдад маңындағы АҚШ елінің әскери базасына дүркіндетіп ату жүйесі арқылы соққы жасалды, әзірге шабуылдың жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ.

АҚШ әскерилері орналасқан Бағдадтың солтүстігіндегі "Эт-Тажи" әскери базасы реактивті снарядтармен атқыланды, деп хабарлады РИА Новости Ирак армиясына сілтеме жасап.

Znalezione obrazy dla zapytania военная база сша в ираке

"Эт-Тажи" әскери базасы "Катюша" типті қондырғылармен атқыланды", - деп атап өтті әскерилер.

Сондай-ақ, АҚШ басқаратын коалицияның сарбаздары базаны атқылау салдарынан зардап шекпегені хабарланды.

Американың Ирактағы әскери базаларына бірнеше айдан бері шабуыл жасалуда, мұндай оқиғалар қаңтар айының басында АҚШ Бағдад әуежайының жанында Иран әскери қолбасшысы Кассем Сулейманиді өлтіргеннен кейін күшейе түсті.

Бұған дейін, 8 қаңтарға қараған түні Ислам революциясы сақшылар корпусының әскерилері Ирак аумағында орналасқан "Айн-аль-Асад" базасы мен Эрбилдегі әуежайды атқылады.  

Түркістан: «бақытты отбасы» бағдарламасымен баспаналы болды
Президент: «Біздің әрбір қадамымыз бен әрбір шешіміміз азаматтарға түсінікті болуы қажет»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу