Президент: «Біздің әрбір қадамымыз бен әрбір шешіміміз азаматтарға түсінікті болуы қажет»

Oinet.kz 15-01-2020 1382

Биліктің әрбір қадамы мен шешімі қазақстандықтарға түсінікті болуы тиіс. Бұл туралы бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған OINET.KZ.

Картинки по запросу Президент

Тоқаев «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының басты қағидаларының бірі ашықтық әрі жариялылық екенін еске салды.

«Соның аясында мемлекеттік органдардағы жұмыстың ашықтығын қамтамасыз ету міндеті тұр. Біздің әрбір қадамымыз бен әрбір шешіміміз азаматтарға түсінікті болуы қажет. Ақпаратқа қол жеткізу туралы заң нормалары сапалы орындалуы тиіс. Шешім қабылдау кезінде барлық талап сақталуы керек. Шын мәніндегі әділдік қағидасын осылай іске асыруға болады», - деді мемлекет басшысы президенттің жастар кадрлық резервімен кездесуінде.

Тоқаев қоғам өкілдерінде биліктің іс-әрекетімен келіспеген жағдайда, пікірін еркін айту мүмкіндігі болуы қажет екенін қадап айтты.

Айта кетсек, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада президенттік жастар кадрлық резервімен кездесті. Президенттің кадрлық резерві мемлекеттік қызметтің барлық деңгейіне жастарды тарту үшін құрылды. Алғашқы тізімге 300 адам еніп отыр.


АҚШ-тың Ирактағы тағы бір әскери базасы ойрандалды
Тоқаев Ақордада жастармен кездесу өткізді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу