Доллар тағы да арзандады

Oinet.kz 09-01-2020 927

Доллар кешелі бері 4,70 теңгеге арзандады. Бүгін доллар бағамы 1,89 теңгеге тағы төмендеді.

Қазақстан қор биржасында (KASE) 9 қаңтарда доллар бағамы 1,89 теңгеге төмендеп, 376,30 теңгені құрады, деп хабарлайды zakon.kz.

АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыстан кейін доллар құны белсенді түрде құлдырай бастады.

8 қаңтарда аукцион нәтижесі бойынша доллар бағамы бірден 2,81 теңгеге түсіп, 378,19 теңгеге дейін арзандаған болатын.

Ақша айырбас орындарында 1 АҚШ доллары 376,8 теңгеден сатып алынып, 379 теңгеден сатылып жатыр.

Сондай-ақ, 8 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен бітімге келуге дайын екендігі туралы айтқан мәлімдемесінен соң да Техас Light Oil (WTI) баррелінің бағасы 60 долларға дейін төмендеді.

Қалыңдығын қылқындырып өлтірген жігіттің соты басталды
Ұлы ақынды ұлықтаған Президент мақаласын Түркістан халқы ыстық ықыласпен қабыл алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу