Түркістан: Ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері жастармен ашық кездесу өткізді

Oinet.kz 01-01-1970 4761

Screenshot_2.jpg

Жарқын болашаққа жол бастайтын ел жастарының қаруы – ұлттық тәрбие, мен парасатты сана және білім мен жоғары біліктілік.

Осыған орай,  бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері Түркістан жоғары аграрлық колледжінде жастармен еркін форматта кездесу өткізді. 

Бұл жиын пара беру мен  пара алудың жауапкершілігін түсіндіру мақсатында аталмыш колледждің жанынан ашылған «Парасаттылық мектебінің» жоспары шеңберінде ұйымдастырылды.

Келелі кездесуге облыстық Штаб мүшелері -  "Егемен Қазақстан" газетінің өңірлік тілшісі Ғ.Елшібай мен «Түркістан адалдық алаңы» жобалық кеңсе менеджері Е.Тұңғышбаев қатысты. 

Screenshot_4.jpg

Жас буынды адал іске үндейтін шараның негізгі мақсаты - жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың  жарқын үлгісін қалыптастыру,  қоғам індетінің деңгейін төмендету және жас ұрпақты жанашырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.

Screenshot_3.jpg

Жастармен кездесу барысында Штаб мүшелері пара алушымен қатар, пара беруші де қылмыс жасаушы болып саналатынын және жемқорлыққа қарсы жалпы қабылданған тәртіп үлгісінің алғышарттарын  жіті түсіндіріп,  қоғам дертімен бірлесіп күресуге шақырды. 

Шара соңында белсенді жастар көкейінде жүрген бірқатар сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Отандық әуе компаниялар Иранның әуе кеңістігі арқылы ұшпайды
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кездесу өтті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу