Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында кездесу өтті
Бүгін Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі Дезинфекция орталығының қызметкерлерімен кездесті.
Шараға Орталық қызметкерлерімен қатар, аудан дезинфекторлары мен дәрігер эпидемиологтар, жалпы саны 50-ге жуық адам қатысты.
Кездесудің мақсаты - ұжым арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және парасаттылық принциптерін енгізу болып табылады.
Шарада сөз алған Департаменттің бас маманы Ж.Әлжанова сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және парасаттылық мәдениетін қалыптастыру мақсатында Агенттік тарапынан жүзеге асырылып отырған жобалармен таныстырды.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы қол қойған сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген жаңашылықтарға тоқталып, басшылар бағынышты қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық қылмысын жасатпауға, оның алдын алуға міндетті екендігі жеткізілді.
Шара барысында Агенттіктің «1424» Call-орталығы азаматтарға тегін ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді, шағымдар, өтініштер, ұсыныстар мен пікірлерді қабылдайды, сыбайлас жемқорлық фактілеріне, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіру жағдайлары туралы телефон хабарламаларына шұғыл әрекет ететіндігі хабарланды.