Шахановтың әдеби кешіне 20 шақты ғана адам келген

Кеше Түркістан қаласында Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Шахановтың кеші өткен. Бірақ ақын кешіне келген көрермен соңына дейін отырмай кетіп қалған, деп жазады Oinet.kz порталы BAQ.KZ-ке сілтеме беріп.

Шаханов.jpg

Сағат 16:00-ге жоспарланған Мұхтар Шаханов ақынымыздың "Баба Түркістан" кеші өтті. Әрине, кеш үлкен мәдениет сарайында өтсе бір сәрі, әрі кетсе 100 адамға арналған мәдениет үйіне "халық жинай алмау" деген ұят дүние. Негізі, бұл кешке халық жартылай жиналған. Алайда, кеш ортасында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов құттықтау сөз айтып кеткен соң, қу тіршілігі бар халық та залда қалмады. Тек 20 шақты ғана адам қалған соңына дейін отырды, - деп жазды блогер Мәдина Сарбалаева өзінің парақшасына. 

Оның айтуынша, бұл көрініске шыдамы жетпеген жанында жүрген жанашыры өксігі келіп тұрып сахнада сөйлеген. 

Туған жері, рухани астанаға келгенде көрсеткен құрметтерің осы ма? Ақынды тыңдайтын халық қайда? Соңына дейін отырған жандарға ақын атынан алғыс деді. Расымен 120 елден сыйлық алған, 170 елдің тіліне шығармасы аударылған ақынның кеші бұлай ұйымдастырылғаны ұят тірлік. Көзі тірісінде құрметтемеген ақынды, өлгенде еске алу кештерін өткізу сорақылық. Моңғолияда аяғын жерге тигізбей күткен ақынды, өз елінде құрметі осы болды. "Мұндай боларын білгенде Түркістанға әкелмес едім" деді жанашыры жылап,- дейді блогер.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістан облысында қарумен қашып кеткен сарбазды ҰҚК ұстады
  • Алексеев «Нұр Отанды» менсінбей ме?
  • "Даму" қоры әлеуметтік желілердегі алаяқтық туралы ескертеді
  • Қазақ телевизиясының тұңғыш дикторы 100 жасқа толды
  • Коронавирусқа байланысты мамандар 14 күн үй-үйді аралап тексереді - министр
  • Ақпарат

    • Oinet.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16379-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер

  • Яндекс.Метрика