241 орындық жатақхана пайдалануға берілді

Oinet.kz 24-12-2019 1244

Бүгін Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің жаңа жатақханасының ашылу салтанаты өтті. 241 орынға лайықталған 6 қабаттық ғимарат заманауи үлгіде жабдықталған. Нұрсәт мөлтекауданында орналасқан жаңа қонысқа алдағы уақытта жаратылыстану факультетінің студенттері жайғасатын болады. Студенттерді қуанышымен құттықтау үшін қала әкімі Ерлан Айтаханов жаңа ғимаратқа арнайы ат басын бұрды. 

ОҚМПУ жатақанасы.jpg

- «Жатақхана Шымкент қаласы үшін өте күрделі мәселе. Елбасымыз Н. Назарбаев жалпы студенттерді қажетті жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін алға тартқан болатын. Талдау жасап қарасақ, Шымкент қаласында 48 оқу орны болса, соның ішінде жоғары оқу орны 11, 37-сі колледж, 123 мыңнан астам студент оқиды екен. Бүгінгі таңда қалада 40 жатақхана бар, 7500-ақ студент қамтылған. Әрине, бұл өте аз көрсеткіш. Сол себептен бүгінгі ашылып жатқан университеттің 241 орындық жатақханасы құтты болсын. Әлі де талдау бойынша 8000 – ға жуық студенттерге жатақхана қажет екен. Екі жылдық жоспарымыз бар. Келесі жылы 1000-ға жуық 4 жатақхана салынады. 2021 жылы 6000-ға жуық 7 жатақхана салғалы жатырмыз. Бұл біздің жүйелі түрде жоспарымызда бар. Бәрі жоспарлы түрде іске асатын болсаекі жыл ішінде бұл мәселені толығымен шешеміз деген ойдамын. Екі мерекенің ортасында игі іске куә болып отырмыз. Құрметті студенттер жатақханаларыңыз құтты болсын!» - деді қала әкімі Ерлан Айтаханов. 

Аталмыш оқу орданың жаңа жатақханасында арнайы жаттығу залдары мен студенттердің нәтижелі білім алуы үшін кітапхана ашылған. Бұл педагогикалық университеттің №5-ші жатақханасы. 

- «Жалпы жастар жылы біздің оқу орны үшін табысты аяқталды. Бұл университет студенттерін арналған бесінші жатақхана. Тұңғыш Президентіміздің идеясының арқасында оқу ордамыздың 241 студенті сәулетті, заман талабына сай қоныста тұрады. Жастардың сапалы білім, саналы тәрбие алуына  жағдай жасаған мемлекетімізге алғысымыз шексіз», - деді Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық университетінің ректоры Анар Қайырбекова. 

Нұр ЖІГЕРЛІ

Шахановтың әдеби кешіне 20 шақты ғана адам келген
Серік Таласов жемқорлық тақырыбын көтеріп, жаңа әлеуметтік ролигін көпшілікке ұсынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу