Нұржан Каджиақбаров - Иманғали Тасмағанбетовтың орнын басты

Oinet.kz 19-12-2019 2029

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметін кім атқарып жатқанын айтты, деп хабарлады Baigenews-ке сілтеме берген Oinet.kz.

Screenshot_2.jpg

Фото Тенгриньюс

Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сенімді өкілі, кеңесші-елші, елшіліктегі екінші адам - Нұржан Каджиақбаров. Мен кеше арнайы бұйрық шығардым. Ол жаңа елші тағайындалып, Ресей президентіне сенім грамотасын тапсырғанға дейін, ол елші міндетін атқарушы болады, - деп түсіндірді Мұхтар Тілеуберді.  

Сонымен қатар, министр Иманғали Тасмағамбетовтің қызметінен өз еркімен кеткені жайлы айтты.

Ол өз еркімен және зейнет жасына толуына байланысты қызметінен кетті. Менің түсінуімше, ол Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қалмайды, - деді Мұхтар Тілеуберді. 

Айта кетейік, 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов зейнетке шығуына байланысты қызметінен кеткен болатын.

Оңалбай Аяшев мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті
Балғынбек Имашев Алматы атауын өзгертуді ұсынған Сүлейменовке шүйлікті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу