Оңалбай Аяшев мұқтаж отбасыларға көмек көрсетті
Ортамызда "Атымтай Жомарт" жандардың көптігі қуантады. Солардың бірі қайырымды іске қашанда бүйрегі бұрып тұратын облыстық мәслихатының депутаты Оңалбай Аяшұлы.
Күні кеше ғана Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры О.Аяшев Шардара ауданы Қауысбек Тұрысбеков ауылындағы бірқатар отбасыға қол ұшын созды. Нақтырақ айтқанда халық қалаулысы 20 жанұяға ұн, шай, қант пен өсімдік майын тегін таратты. Сондай-ақ жомарт азамат көпбалалы аналарға қаржылай сыйлық берді.
Бірлік пен ынтымақ мерекесінде ауылдағы дін қызметкерлеріне де сый жасалды. Сондай-ақ Оңалбай Аяшев мешіт имамы мен наиб имамға бағалы сыйлық табыстады.
Қайырымды азаматқа риза болған жұрт алғыстарын білдірді.