Түркістан облысында оңтайландыру есебінен 316 млн. теңгеден астам қаражат үнемделді

Oinet.kz 12-12-2019 1057

Бүгінгі күні мемлекет саясаты тиімсіз шығындарды қысқартып, трансформациялау ісін ілгерілетуге айрықша басымдық беріп отыр. Штат санын оңтайландыру процесі ел бюджетінің тиімді жұмсалуына ықпал етіп, әкімшілік шығындарды азайтуға мүмкіндік беретін ұтымды жүйе болғандықтан, қазіргі кезде еліміз үшін аса маңызды  бағыттың  біріне айналды.    

Screenshot_1.jpg

Осыған орай, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі аясында бюджет қаражатын тиімді бөлу және үнемдеу мақсатында Түркістан облысына қарасты қала, аудандардағы мемлекеттік мекемелерде мониторингтік жұмыстары жүргізілді.  

Талдау қорытындысына сәйкес, мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің штат саны 554 бірлікке қысқартылып, бюджет қаражатынан 316 701 мың теңгені үнемдеуге мүмкіндік берді.  

Түркістан облысының 3 басқармасы (ішкі саясат, отбасы, балалар мен жастар істері жөніндегі, дін істері) Қоғамдық даму басқармасы болып біріктіріліп, бұл бірқатар басшылық лауазымдарды қысқартуға және 22 431 мың теңгеге жуық қаржыны үнемдеуге мүмкіндік берді. 

Сондай-ақ, Ордабасы ауданында «Кәусар» гимназиясы мен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп бір оқу мекемесіне біріктірілді. Нәтижесінде 13 штаттық бірлік оңтайландырылып, үнемделген қаржы сомасы 4 213 мың теңгені құрады.

Айта кетсек, оңтайландырудың негізгі мақсаты - өңірде бәсекеге қабілетті кәсіби мамандарды жасақтау мен  кепілді еңбекақымен қамтылған тиімді мемлекеттік аппаратты құру болып табылады.

«Қалаулым» қай елден келген?
Тұрар Рысқұлов – Қазақ елінің ұмытылмас ұлы тұлғасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу