«Виа Гра» тобында қазақ қыздары ән салуы мүмкін

Oinet.kz 13-12-2012 841

НТВ арнасының «Орталық телевидение» атты бағдарламасына берген сұхбатында Ресейлік «Виа Гра» тобының продюсері Константин Меладзе топ 2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап шоу-бизнес сахнасынан мүлдем кетеді деп мәлімдеген болатын.

image.png

Виа Гра

Бірақ ол бұл ойынан айнып қалған секілді.  Өйткені, аталмыш топ жетекшілері жас таланттарды біздің елден іздеуді жоспарлап отыр екен. Топ продюсері телеарнаға берген сұхбатында «Біз бір мезгілде үш мемлекетте қатар өтетін үлкен телевизиялық жобаны іске қосуды шештік. Енді халық «Виа Гра» тобының әншілерін өздері таңдап, өздері жасақтайтын болады» деді.

Константин Меладзе НТВ арнасында алғашқы іріктеу шарасын өткізіп те үлгерді. Енді 3 желтоқсаннан бастап, кастингке қатысамын деген қыздардың барлығы ғаламтор арқылы өз өтініштерін білдіріп жатыр. Жалпы, жобаға Қазақстан, Ресей, Украина елдерінің жас бойжеткендері үміткер атанбақ.  

Айта кетейік «Виа Гра» тобы 1999 жылы құрылған болатын. Осы уақыт ішінде топтың мүшелері бірнеше рет ауысқан. 

Астананың аты «Назарбаев» деп пе, әлде «Нұрсұлтан» деп өзгертіле ме?
Арайлы азаттықпен бірге дүние есігін ашқандар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу